Таразда өрт салдарынан 25 адам баспанасыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда өрт салдарынан 25 адам баспанасыз қалды

Таразда өрт салдарынан 25 адам баспанасыз қалды

Таразда өрт салдарынан 8 пәтерлі үйде тұратын 25 адам баспанасыз қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Қаңтар 2005
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бір қабатты барак үлгісіндегі каркасты қамыс үйдегі өрт 26-қаңтарда 0 сағат 55 минутта басталған. Өрттің шығуына тоқтың қысқаша тұйықталуы түрткі болған. Тілсіз жау 400 шаршы метр аумақты шарпыды. 6 пәтерді өрт жалмап кетті.

Өртті ауыздықтауға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 64 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды. 5 сағат 13 минутта өрт ошағы шоғырландырылып, 12 сағат 6 минутта біржола сөндірілді.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, баспанасыз қалған тұрғындар уақытша туыстарының үйлеріне таратылды. Материалдық шығын көлемі 500 мың теңгені құрап отыр.

Перейти к новостям спорта