Таяудағы жылдарда Орталық Азия аймағында қуатты жер сілкінісі болмайды - Қырғызстандық сейсмологтар - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таяудағы жылдарда Орталық Азия аймағында қуатты жер сілкінісі болмайды - Қырғызстандық сейсмологтар

Таяудағы жылдарда Орталық Азия аймағында қуатты жер сілкінісі болмайды - Қырғызстандық сейсмологтар

Таяудағы жылдарда Орталық Азия аймағында қуаты жағынан Оңтүстік Шығыс Азиядағы желтоқсандағы жер асты дүмпулеріне парапар келетін алапат жер сілкінісі болмайды. Бұл туралы Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының болжамдау бөлімінің меңгерушісі Эрнест Мамыров мәлімдеді.

  • 3 Ақпан 2005
  • 735
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстандық сейсмологтардың ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, дәл қазір мұндай қауіп-қатерге негіз жоқ»,- деді ол.

Сонымен бірге сейсмологтар алдағы екі жылда Ферғана аңғарының оңтүстік бөлігінде қуаты 5-6 балға жететін жер сілкінісі болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Э.Мамыровтың айтуынша, жер қыртысындағы мұндай тербелістердің ықтималдығы туралы республика ғалымдарының зерттеулері көрсетіп отыр. 2005-2006-жылдары қуаты осындай жер асты дүмпулері Қырғызстанның оңтүстігінде де болуы мүмкін, дейді ол. Ал республиканың солтүстік аймақтары мен Ыстықкөл облысында қуатты жер сілкінісі болмайды.
Ғалымның айтуына қарағанда, Қырғызстанда жыл сайын 2,5-3,5 мың жер сілкінісі тіркеледі. Олардың басым бөлігін арнаулы өте сезімтал жабдықтар ғана сезіне алады. 2002-жылдан бері аймақта сейсмикалық процесстердің белсенділігі арта бастағаны байқалады, бірақ бұл әлсіз жер асты дүмпулерінің саны артқанын ғана меңзейді.
Э.Мамыровтың айтуынша, Қырғызстан ғалымдары Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімен ұдайы ақпарат алмасып отырады, түрлі мемлекеттердегі сейсмолог мамандардың болжамдары әдетте өзара сәйкесіп жатады.

Перейти к новостям спорта