Қарғандылық шахтерларға Шахтинск қаласында наразылық шарасын өткізуге рұқсат берілмеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарғандылық шахтерларға Шахтинск қаласында наразылық шарасын өткізуге рұқсат берілмеді

Қарғандылық шахтерларға Шахтинск қаласында наразылық шарасын өткізуге рұқсат берілмеді

Шахтинск қаласының әкімі Александр Воробьев "Миттал Стил Теміртау"АҚ көмір департаментінің шахтерларына бейбіт митинг өткізуге рұқсат бермеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Наурыз 2005
  • 451
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, шахтерлар 13-наурызда Шахтинск қаласында митинг өткізуді жоспарлаған болатын. Бұл қалада департаменттің 10 мың жұмысшылары мен шахтерлары тұратыны белгілі. Шахтерлар қойып отырған басты талап — жалақыны көтеру. Митинг өткізуге рұқсат беру туралы өтініш Шахтинск қалалық әкімшілігіне табыс етілген.

9-наурызда шахтерларға берілген жауапта қала әкімі шараны өткізуге рұқсат бермеген. Көмір департаменті кәсіподақ ұйымының төрағасы Вячеслав Сидоровтың хабарлауынша, «әкім еңбек қатынасына байланысты талаптар Миттал Стил Теміртау компаниясының көмір департаментіне бағышталғанына және компанияның митинг өткізуге берген мекен-жайда орналаспайтындығына сілтеме жасайды». А.Воробьев шахтерларға шараны Қарағандыда, компанияның әкімшілік ғимаратының алдында өткізуге кеңес берді, дейді В.Сидоров.
Көмір департаменті кәсіподақ ұйымының төрағасының пайымдауынша, «осындай қадам арқылы Шахтинск қаласының әкімі заң бұзып, лауазымдық құқығын асыра пайдаланып, еңбек дауына араласып отыр».
Бұдан бұрынырақта Теміртау қаласының әкімі де шахтерлардың қалада наразылық шарасын өткізуіне рұқсат бермеген. Сол себепті көмір департаментінің кәсіподақ ұйымы облыс қалаларында кәсіподақ ұйымдарының жалпы жиналысын өткізу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.

Перейти к новостям спорта