Қызылорда облысындағы су басқан аймақтардан тұрғындар көшірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысындағы су басқан аймақтардан тұрғындар көшірілуде

Қызылорда облысындағы су басқан аймақтардан тұрғындар көшірілуде

Қызылорда облысындағы су басқан аймақтардан тұрғындар көшірілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Наурыз 2005
  • 480
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сәйкес, сең түзілу салдарынан облыс орталығының маңында Сырдың суы 1200 гектар алқапты басып кетті. Соның салдарынан 20 үйді су шайды. Еркөл елді мекенінің 200 тұрғыны Қызылордадағы туыстарының үйлеріне көшіріп орналастырылды. ПМК-24 мал қыстауынан жеті адамнан тұратын отбасы көшірілді.

Сондай-ақ, Әйтек гидроторабынан жоғары тұста түзілген сеңнің салдарынан өзен суының деңгейі көтеріліп, бес бірдей саяжай қоғамдарының аумағындағы бөгеттерді бұзып кетті. Бұл маңда 1600 гектар аумақ су астында қалды. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің құтқару қызметтері саяжай аумақтарынан 146 адамды көшіріп, соның ішінде 66 адам құтқарылып, бір ауыр науқас тікұшақпен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді. Зардап шеккен басқа адамдар Қызылордаға көшіріліп, туыстарының үйлеріне таратылды.
Жалпы алғанда тасқынға қарсы күрес шараларына 4322 адам мен 293 техника, соның ішінде қайықтар мен бір тікұшақ жұмылдырылды.
10-наурыздағы жағдаймен Шардара су қоймасынан Сырдарияның төменгі сағасына қарай секундына 800 текше метр, Қызылорда гидроторабынан төменге қарай секундына 576 текше метр су жіберілуде.

Перейти к новостям спорта