Облыстық ауылшаруашылығы департаментінің егіншаруашылығы бөлімінің бастығы Жылтума Рахметовтың айтуынша, тұқым дайындау орталықтары облыстың астықты алты аймағында құрылды. Оларға арнап облыстық әкімшілік 11 пневматикалық сорттау машинасын сатып алды. Жылдың аяғына дейін осындай 19 машина сатып алу көзделген. Жаңа техника тұқымдардың арасындағы толық пісіп-жетілмегендері мен ұнтақтағандарын, сондай-ақ, қоқысты айырып, бүтін тұқымды сұрыптап алады. Мұндай өңдеуден кейін тұқым мен одан жасалған ұнның сапасы артады.
Жаңа сорттау орталықтарының пайдасын облыстағы шағын шаруашылықтар бірінші кезекте бағалайды деп күтілуде. Өйткені, олардың тұқым сақтауға арналған жеке қоймалары мен тазартушы техникалары жоқ, дейді Ж.Рахметов.