Есеп комитеті Астанадағы 2-жылу электр орталығын жаңалау барысындағы заң бұзушылықтарды айқындады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есеп комитеті Астанадағы 2-жылу электр орталығын жаңалау барысындағы заң бұзушылықтарды айқындады

Есеп комитеті Астанадағы 2-жылу электр орталығын жаңалау барысындағы заң бұзушылықтарды айқындады

ҚР республикалық бюджетінің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Астанадағы 2-жылу электр орталығын жаңалау және ұлғайтуға бағытталған құрылыс-монтаж жұмыстары сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының рұқсатынсыз жүзеге асырылып келгенін анықтады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Есеп комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Наурыз 2005
  • 469
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, тексеру барысында анықталғанындай, мемлекеттік сатып алуға жарияланған байқау жеңімпазы ретінде анықталған «Центрказэнергомонтаж» АҚ-ның байқауға жолдаған құжаттарына сәйкес, компанияның келісім-шарты бойынша жүктеп алған міндеттемелерін орындауға қажетті тауар-материалдық құндылықтары мен негізгі құралдары жеткіліксіз болып шыққан, дейді комитеттегілер. «Соның салдарынан аталмыш акционерлік қоғам барлығы 37 түрлі жұмыстардың 24-ін мерзімінде атқара алмады»,-делінген құжатта. «Бұл акционерлік қоғам құрылыс-монтаж жұмыстарын бес ай бойы тиісті лицензиясын растамай жүзеге асырып келген».

Есеп комитеті осыған байланысты үкіметке мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес құрылыс саласындағы ұзақ мерзімді мердігерлік жұмыстар туралы келісім-шарт жасасу тәртібін жобалап бекітуге нұсқау берді. Сондай-ақ, энергетика және минералды ресурстар министрлігіне жұмыстарды уәкілетті мекеменің рұқсатынсыз, тиісті лицензиясыз жүзеге асыруға және жұмыстарды тиісті мерзімінде аяқтап шықпауға жол берген лауазым иесіне жауапкершілік жүктеу туралы тапсырма берілді. Бақылау шарасының материалдары құқық қорғау мекемелеріне жолданады. Жұмыстарға тапсырыс беруші — Астана қалалық энергетика және су шаруашылығы департаментіне екі мердігерден келісім-шарт талаптарын бұзып, жұмыстарды дер кезінде жүзеге асырмағаны үшін тұрақсыздық төлемін өндіріп алуға тапсырма берілді.

Перейти к новостям спорта