З.Балиева президент сайлауын өткізу мерзімі ҚР Ата заңында көрсетілгенін еске сала кетті. «Конституцияға сәйкес президент сайлауы қазіргі президенттің өкілеттілік мерзімі аяқталған жылдың желтоқсан айының алғашқы жексембісінде өткізілуі тиіс»,- деді Орталық сайлау комиссиясының төрайымы.
Қазіргі мемлекет басшысының өкілеттілік мерзімі 2006-жылдың 20-қаңтарында аяқталады, демек, жаңа президентті сайлау мерзімі 2006-жылдың тамыз айында жарияланып, сол жылдың желтоқсан айында сайлау өткізілуі тиіс, деді комиссия төрайымы. «Осы бағыттағы тәртіптер мен процедураға әзірге өзгеріс енгізілген жоқ»,- деді З.Балиева.
Сонымен бірге Орталық сайлау комиссиясының төрайымы президент сайлауы кезінде ауылдық округтерде «Сайлау» электронды дауыс беру жүйесі қолданыла ма, жоқ па деген мәселе әзірге шешілмегенін хабарлады. «Егер 2006-жылдың желтоқсан айына дейін ауылдық округтердегі коммуникациялық жүйе жолға қойылатын болса, онда жүйе қолданылады»,- деді ол.