Елімізде Балхаштағы экологиялық тауқыметтерді шешуге арналған халықаралық жиын өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде Балхаштағы экологиялық тауқыметтерді шешуге арналған халықаралық жиын өтеді

Елімізде Балхаштағы экологиялық тауқыметтерді шешуге арналған халықаралық жиын өтеді

2005-жылғы күзде Қазақстанда Балхаш көліндегі экологиялық тауқыметтерді шешуге арналған халықаралық жиын өтеді. Бұл туралы бүгін, 11-наурызда Солтүстік Атлантикалық Одақтың Парламенттік ассамблеясы өкілдерімен кездесуде ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 11 Наурыз 2005
  • 437
Фото - Caravan.kz

Конференцияда Балхаштағы экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелері қаралады, деді А.Самақова.

Осы тақырыптағы тұңғыш бас қосуды ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Табиғат» экологиялық одағымен бірлесе отырып 2001-жылы ұйымдастырған. Сол бас қосудың қорытындысы бойынша республика үкіметі Балхаштағы экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қабылдады.

Перейти к новостям спорта