Еліміздегі ауылшаруашылығы саласында өсімдік қорғау құралдарын кеңінен қолдану қажет - сарапшылар - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі ауылшаруашылығы саласында өсімдік қорғау  құралдарын кеңінен қолдану қажет - сарапшылар

Еліміздегі ауылшаруашылығы саласында өсімдік қорғау құралдарын кеңінен қолдану қажет - сарапшылар

Егер Қазақстан басшылығы Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуге біржола бел байлап, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шындап ниеттенсе, онда республика үкіметі ауылшаруашылығы саласында өсімдік қорғау құралдарын кеңінен қолдануға жағдай жасауы тиіс. Бүгін, 11-наурызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Солтүстік-батыс ғылыми-өндірістік ауылшаруашылығы орталығының директоры Валентин Двуреченский осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Наурыз 2005
  • 1157
Фото - Caravan.kz

В.Двуреченскийдің айтуынша, Қазақстанда химиялық өсімдік қорғау құралдарын қолдану деңгейі аса төмен. Егіс алқаптарының әрбір гектарына шаққанда өсімдік қорғау құралдарына жұмсалатын шығын көлемі орта есеппен 3,3 долларды, ал астық дақылдарын өсіруші шаруашылықтарда 4,5 долларды құрайды. Бұл шығындар аймақтарда біркелкі емес. Мәселен, «әкімшілік тарапынан ауылшаруашылығы мен ірі шаруашылықтарға жіті назар аударылатын Қостанай облысында» егістік алқаптарының 70 проценті өңделсе, басқа аймақтардағы өңделетін аумақ әрі кетсе 30 проценттен аспайды, дейді ғалым.

Ал В. Двуреченскийдің пікірінше, өсімдік қорғау құралдарына жұмсалатын шығын көлемін 1 гектарға шаққанда 15 долларға дейін арттыру нәтижесінде егіннің шығымдылығы 1,5-2 есе өседі. Өсімдік қорғау құралдарын өндіруші «Сингента-Қазақстан» компаниясы сарапшыларының пікірінше, 1 гектарға шаққанда 15 доллар шығын фермерлер үшін ең тиімді көрсеткіш болмақ.
«Сингента-Қазақстан»ЖШС басқармаларының төрағасы Петр Шалаханың айтуынша, елімізде дәнді дақылдарға зиян келтіретін 150 түрлі зиянкестер, 120 түрлі арамшөп, 70 түрлі өсімдік аурулары таралған. Сапалы гербицидтер мен фунгицидтерді пайдалану нәтижесінде түсімді 30 процентке дейін сақтап қалуға болады. Компания бүгінде шаруаларға қаржысына қарай өсімдік қорғау құралдарының ең тиімді жиынтығын таңдауға мүмкіндік беретін «ОптиТех» атты жобаны жүзеге асыруға кірісті.
2004-жылы Қазақстан бойынша орта есеппен жаздық бидайдың орташа шығымдылығы бір гектардан 9,5 центнерді құрады. Ал Шығыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш бір гектардан 40 центнерді, Батыс Еуропа елдерінде 70-80 центнерді құрайды. Германиялық фермерлер бір гектарға 100 доллардың өсімдік қорғау құралдарын жұмсайды. Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өткен жағдайда Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шығымдылықты кем дегенде бір гектардан 20 центнерге дейін жеткізу қажет, дейді В.Двуреченский.

Перейти к новостям спорта