Еуропа қайта құру және даму банкі Астананың көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі техника-экономикалық негіздемені әзірлеуге грант бөлмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропа қайта құру және даму банкі Астананың көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі техника-экономикалық негіздемені әзірлеуге грант бөлмекші

Еуропа қайта құру және даму банкі Астананың көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі техника-экономикалық негіздемені әзірлеуге грант бөлмекші

Еуропалық қайта құру және даму банкі Астананың көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі техника-экономикалық негіздемені әзірлеуге грант бөлмекші. Осы жөніндегі меморандумға Лондонда өткен кездесу қорытындысы бойынша Астана қаласының әкімі Өмірзақ Шүкеев пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер қол қойды.

  • 11 Наурыз 2005
  • 452
Фото - Caravan.kz

ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, Астана қалалық әкімшілігінің өкілдері Еуропалық қайта құру және даму банкінің шақыруымен 2-4-наурыз күндері Лондонда болды. Сапардың мақсаты — Астананың көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесе жүзеге асырылатын жобаларды талқылау, қаладағы көлік қозғалысы мен коммуналдық қызметтердің жұмысын реттеу жөніндегі Ұлыбританияның тәжірибесін зерттеу үшін Лондон қаласы мен оның аудандарының муниципалдық қызметтерімен кездесулер өткізу болып табылады.