С.Пірімбетовтың айтуынша, біртұтас кедендік одаққа біріккен Беларусь, Ресей және Қазақстан сынды елдер Бүкіләлемдік сауда ұйымына қазіргіден артықша қолайлы шартпен мүшелікке өтуге келіссөздер жүргізе алар еді. Сонымен бірге экономикалық әл-ауқат көрсеткіші ретінде 2003-2004-жылғы көрсеткіштер алынар еді. Ал қазір базалық көрсеткіш ретінде 1996-жылғы көрсеткіштер қолданылуда. Ол кезде экономиканың құлдыру көрсеткіші 1991-жылғымен салыстырғанда 36 процентті құраған.
Біртұтас ұйым ретінде Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтудің тағы бір артықшылығы — Кедендік одаққа мүше елдер аясындағы ішкі кедендік баж салықтарын, кедендік каникулдар мен ауылшаруашылығына арналған дотацияларды белгілеу мүмкіндігіне болмақ. «Бүкіләлемдік сауда ұйымы халықаралық ұйымдар үшін осындай жеңілдіктерге рұқсат береді»,- деді С.Пірімбетов.