Т.Пауэлдің айтуынша, компанияны 2005-жылы арзандатылған бағаға жанар-жағармай бөлу туралы республика үкіметімен келісім-шартына қол қоюдан бас тартуға мәжбүрлеп отырған бірнеше себеп бар. Т.Пауэлдің түсініктемесіне сүйенсек, мәселен, мұнай өңдеуші кәсіпорындарға қанша отынды қандай бағаға сату керектігін республика үкіметі қатаң нұсқау түрінде бұйырып отыр. «Біздің пікірімізше, үкіметтің бұлай істеуге құқығы жоқ»,- дейді ол.
Т.Пауэл осы орайда былтыр PetroKazakhstan Oil Products сатылатын жанар-жағармайға жаппай қызыл бояу қосуға мәжбүр болған. Соның салдарынан отын ашық қызыл түске ие болды. Ал қазір компанияның қолына бір жанармай тарату станциясында қызыл түсті дизельдік отынның сатылып жатқаны түсірілген бейнематериал келіп түсті. Мұндай жағдай арзандатылған жанармай тарату жүйесінің бұзылып отырғанын дәлелдейді, деді Т.Пауэл.
PetroKazakhstan Oil Products компаниясы өкілінің пікірінше, әлемдік тәжірибеде өнеркәсіптің кірісі төмен салалары мен ауылшаруашылығына субсидия бөлу — Қазақстандағы секілді жеке компаниялардың емес, үкіметтің міндетіне жатады.
Т.Пауэл осы орайда PetroKazakhstan Oil Products компаниясы бұған дейін арзандатылған бағаға жанар-жағармай берумен бірге Қосалқы құн салығын да төлеп келгенін еске салды. PetroKazakhstan Oil Products компаниясының басшылығы ауылшаруашылығының тауар өндірушілеріне арнап бөлінетін жанар-жағармайдан Қосалқы құн салығын алмау туралы үкіметке бірнеше мәрте ұсыныс жасаған. Бұл — рынокта қалыптасқан бағамен салыстырғанда, ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне бөлінетін жанар-жағармайдың өз-өзінен арзандауына алып келуі тиіс еді. Алайда, үкімет бұл ұсынысты қабылдамады, деді ол. Т.Пауэлдің айтуынша, PetroKazakhstan Oil Products компаниясы сондай-ақ үкіметке компанияның мемлекетке роялти түрінде өткеретін мұнайын арзандатылған отын өндіруге бағыттауды да ұсынған. Алайда бұл ұсыныс та қабылданбаған.
Дизельдік отынды арзандатылған бағаға сату салдарынан 2004-жылы PetroKazakhstan Oil Products компаниясы 32 млн. доллардан, ал республикалық бюджет салық түрінде 15 млн. доллардан қағылды, дейді Т.Пауэл.