Шағырлы-Шөмішті кенішіндегі кең көлемді бұрғылау жұмыстары 2005-жылдың аяғында басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шағырлы-Шөмішті кенішіндегі кең көлемді бұрғылау жұмыстары 2005-жылдың аяғында басталады

Шағырлы-Шөмішті кенішіндегі кең көлемді бұрғылау жұмыстары 2005-жылдың аяғында басталады

American International Petroleum Corporation (AIPC) компаниясының еншілес құрылымы болып табылатын АҚШ-тың Caspian Gas Corporation компаниясы Маңғыстау облысындағы Шағырлы-Шөмішті көгілдір отын кенішіндегі кең көлемді бұрғылау жұмыстарына 2005-жылдың аяғында кіріседі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне компания басшылығы хабарлады.

  • 14 Наурыз 2005
  • 934
Фото - Caravan.kz

AIPC тарапынан жоба операторы болып тағайындалған Caspian Gas Corporation 2004-жылдың ақпан айында жұмысқа кірісті.

Бастапқы кезеңде кеніште барлау мақсатындағы түрлі үлгідегі төрт ұңғы бұрғыланады. 2005-жылдың тамыз айының аяғы мен қыркүйектің басында Caspian Gas Corporation алынған мәліметтерді зерттеу нәтижесінде қалған ұңғыларды бұрғылауға қатысты шешім қабылдайды.
Компания Шағырлы-Шөмішті көгілдір отын кенішін 2001-жылы АҚШ-тың Paragon Corporation компаниясы жобалаған коммерциялық жоспарға сәйкес дамытпақшы.
Шағырлы-Шөмішті кенішіндегі көгілдір отын қоры 300-400 метр тереңдікте жатыр, сол себепті бір ұңғыны бұрғылауға 200 мың доллар жұмсалады. Бастапқы кезеңде кеніште жылына 1 млрд. текше метр көгілдір отын өндіру көзделген. Бұл көлем біртіндеп 1,5 млрд. текше метрге жеткізіледі. Шағырлы-Шөмішті кенішіндегі жалпы газ қоры 32,4 млрд. текше метрге жетеді.
Caspian Gas Corporation компаниясы газ кенішін дамыту мақсатына 150 млн. доллар жұмсауды жоспарлаған. Қазіргі жағдаймен компания қажетті қаржыны ұзақ мерзімді синдикаттық несие түрінде тарту үшін қазақстандық және халықаралық қаржылық ұйымдармен келіссөздер жүргізуде.
Несие қаржысы 2D және 3D сейсмологиялық зерттеулер бағдарламасын жүзеге асыруға, барлау мақсатындағы 50-дей ұңғыны бұрғылауға, алдағы уақытта Орталық Азия-Орталық магистралдық газ құбырына қосу үшін Шағырлы-Шөмішті кенішінен Бейнеу станциясына дейін 95-шақырымдық газ құбырын салуға, сондай-ақ, инфрақұрылымдық нысандарды дамытуға жұмсалады.
Компания 2006-жылы Шағырлы-Шөмішті кенішінен шыққан газды сату туралы келісім-шарттарына қол қоюды көздеп отыр. Қазіргі жағдаймен өнім Ресей мен Украинаға сатылады деп межеленген.
Шағырлы-Шөмішті кенішінен шыққан газ болашақ сатып алушыларға Орта Азиялық республикаларды Ресей және Украина аумағы арқылы батыс рыногымен байланыстыратын Орталық Азия-Орталық магистралдық газ құбырымен тасымалданады деп күтілуде.
Шағырлы-Шөмішті кенішін игеру жөніндегі 30 жылдық лицензияға 1999-жылы AIPC ие болған.

Перейти к новостям спорта