ҚазМұнайГаз бен ЛУКОЙЛ Хвалынское кенішін игеру жөніндегі бірлескен кәсіпорын құрды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазМұнайГаз бен ЛУКОЙЛ Хвалынское кенішін игеру жөніндегі бірлескен кәсіпорын құрды

ҚазМұнайГаз бен ЛУКОЙЛ Хвалынское кенішін игеру жөніндегі бірлескен кәсіпорын құрды

Бүгін, 14-наурызда Мәскеу қаласында "ЛУКОЙЛ" ААҚ-ның президенті Вагит Алекперов пен "ҚазМұнайГаз" ҰК"АҚ-ның бірінші вице-президенті Тимур Құлбаев Хвалынское кенішін игеру жөніндегі "Каспий мұнайгаз компаниясы" бірлескен кәсіпорнын құру жөніндегі құрылтайшылық құжаттарға қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігінің хабарламасынан мәлім болды.

  • 15 Наурыз 2005
  • 533
Фото - Caravan.kz

Бірлескен кәсіпорын Каспий теңізіндегі «Хвалынское» кенішін игеру, сондай-ақ, көмірстегі шикізаты мен оны өңдеу өнімдерін тасымалдап сату үшін құрылып отыр. «Бұл күрделі жоба. Жобаға салынатын жалпы инвестиция көлемі 1 млрд. доллардан асады. Кеніш шамамен 2010-жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде»,- деді В.Алекперов.

Каспий мұнайгаз компаниясы бірлескен кәсіпорны РФ мен Қазақстан арасындағы Каспий теңізінің солтүстік табанын бөлісу жөніндегі келісімге қосымша хаттама бойынша паритетті негізде құрылуда. «ЛУКОЙЛ» басшысының айтуынша, жобаның техника-экономикалық негіздемесі «кенішті игерудің экономикалық тиімділігін дәлелдеп отыр». «Біз бұл жобаны жоғары сапалы әрі жоғары экологиялық қауіпсіздік жағдайында жүзеге асырамыз деп сенеміз. Әсіресе біз Каспийді кенішті игеруге байланысты барлық кері әсерлерден қорғау үшін бар күшімізді салатын боламыз»,- деді В.Алекперов.
«ЛУКОЙЛ» компаниясының басшысы сондай-ақ екі жақтың аталмыш жоба бойынша өзара өнім бөлісу туралы келісімінің жобасын жасауға кіріскенін хабарлады. «Біз процесске кірісіп те кеттік, алдағы бір жыл ішінде өзара өнім бөлісу режиміне көшуге талпынатын боламыз»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың 18-сәуірінде Мәскеуде «ЛУКОЙЛ» ААҚ-ның бірінші вице-президенті Равиль Маганов пен «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ-ның бірінші вице-президенті Тимур Құлбаев Хвалынское кенішіндегі мұнайгаз кеніштерін бірлесіп игеру принциптері туралы келісімге қол қойған. Бұл құжатқа 2002-жылдың 13-мамырында қол қойылған жер қойнауын игеруге дербес құқықты жүзеге асыру үшін Каспий теңізінің солтүстік табанын бөлісу жөніндегі келісімге қосымша хаттамаға сәйкес қол қойылды.

Перейти к новостям спорта