Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы арнаулы жұмыс тобының жиналысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы арнаулы жұмыс тобының жиналысы өтеді

Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы арнаулы жұмыс тобының жиналысы өтеді

Наурыздың 15 мен 18 аралығында Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы арнаулы жұмыс тобы мен ұйым шеңберіндегі аға лауазым иелері комитетінің жиналыстары өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Наурыз 2005
  • 385
Фото - Caravan.kz

Жиналыстардың жұмысына Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше және бақылаушы елдер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Арнаулы жұмыс тобының жиналысы барысында 2004-жылғы қазан айында Алматыда сыртқы істер министрлерінің кездесуі кезінде қабылданған сенім шараларының каталогын жүзеге асыру тетіктері мен хатшылық туралы ережелердің жобасын одан әрі жасау көзделіп отыр. Атап айтсақ, жалпы Азия құрлығындағы қауіпсіздік пен сенімділікті нығайтуға бағытталған әскери-саяси, экономика, мәдениет және экология салаларындағы шаралар кешені қаралады.
Қазір ұйымға Ауғанстан, Әзербайжан, Египет, Үндістан, Израиль, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан тәрізді 16 мемлекет қамтылады. Ұйымға бақылаушы мәртебесіне Индонезия, Малайзия, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Украина және Вьетнам елдері мен бірқатар халықаралық ұйымдар ие болған.

Перейти к новостям спорта