Қырғызстанда парламенттің 71 депутатының есімдері жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда парламенттің 71 депутатының есімдері жарияланды

Қырғызстанда парламенттің 71 депутатының есімдері жарияланды

Қырғызстанда төртінші шақырылған Жогорку Кенештің 75 депутатының 71-інің есімдері жарияланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бішкектен.

  • 15 Наурыз 2005
  • 555
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, 27-ақпанда өткен бірінші турда 32 депутат сайланса, 13-наурыздағы екінші турда тағы 39 депутаттың есімдері анықталды.

Қырғызстан парламентінің жаңа құрамына ел президентінің қызы Бермет, ұлы Айдар мен республикаға танымал банкирлер мен кәсіпкерлер, Жогорку Кенештің бұрынғы депутаттары енді. Саяси бірлестіктерден ат ұсынғандар арасынан президентті жақтаушы «Алға,Қырғызстан!» партиясының өкілдері ең көп мандатқа ие болды.
Республикадағы саясаттанушылар бұл жолғы сайлауды оппозицияның тізе бүгуі деп бағалады. Мәселен, «ПолитАзия» саясаттану орталығының сарапшылары жаңадан бір палатадан құрылған Жогорку Кенеш саяси біртұтас, мейлінше құрылымдалған әрі артықша жұмысқа қабілетті парламент болады деп пайымдайды.

Перейти к новостям спорта