Қазақстан және Әзербайжандық шекарашылар Каспий теңізіндегі мұнай нысандарын қорғау туралы келісімге қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Әзербайжандық шекарашылар Каспий теңізіндегі мұнай нысандарын қорғау туралы келісімге қол қояды

Қазақстан және Әзербайжандық шекарашылар Каспий теңізіндегі мұнай нысандарын қорғау туралы келісімге қол қояды

Қазақстан мен Әзербайжанның шекара қызметтері Каспий теңізіндегі мұнай нысандарын қорғау туралы келісімге 2005-жылдың аяғына дейін қол қоюды көздеп отыр. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша Баку қаласында өткізілген баспасөз мәслихатында Әзербайжан Республикасы мемлекеттік шекара қызметінің басшысы Эльчин Гулиев хабарлады.

  • 16 Наурыз 2005
  • 729
Фото - Caravan.kz

Э.Гулиевтің айтуынша, екі жақ Каспий теңізіндегі мұнай нысандарына қауіп төнген жағдайда бірлесіп қорғамақшы. «Шекаралық ынтымақтастық туралы Қазақстанмен арадағы құжатқа біз жылдың аяғына дейін қол қоямыз. Онда мұнай нысандарын қорғау мәселесі де қарастырылады»,- деді ол.

Әзербайжан мемлекеттік шекара қызметінің басшысы осы орайда Әзербайжандық шекарашылар 2004-жылы Каспийдің осы елге қарасты бөлігінде АҚШ-тың қолдауымен мұнай кеніштері мен басқа да нысандарда болуы мүмкін лаңкестік әрекеттердің алдын алуға бағытталған оқу-жаттығулар өткізгенін еске салды.
«Қазақстан мен Әзербайжан аумағындағы мұнай кеніштері мен мұнай өндіруші платформалардың республикалар үшін маңызы зор. Бұл нысандарға лаңкестік шабуылдар мен басқа да шаралардың жүзеге асырылу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды»,- деді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бастығы Болат Зәкиев. Оның айтуынша, дәл осындай себепке байланысты қазақстандық шекарашылар Қазақстанның Каспий теңізіндегі аумақтық суларында мұнай платформаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударады. «Каспий теңізінде бұлардан өзге назар аударуға тұратын нысандар жоқ деп санаймыз»,- деді Б.Зәкиев.
Ал Каспий маңындағы елдердің балық аулаушы кемелерін теңіздегі шекараны бұзғаны үшін ұстау деректерін Э.Гулиев аталмыш кеме капитандарының кәсіби деңгейінің төмендігімен байланыстырып түсіндірді. Оның айтуынша, Қазақстан мен Әзербайжан шекарашылары осындай дерекпен көбірек бетпе-бет келеді және олар көп жағдайда өзара пәтуаластық негізінде шешіліп жатады.

Перейти к новостям спорта