Қазақстандық депутаттар Ресейде өткен семинар барысында шекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық депутаттар Ресейде өткен семинар барысында шекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстандық депутаттар Ресейде өткен семинар барысында шекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Мәжіліс төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко басқарған Қазақстанның парламенттік өкілдері "ЕурАзЭҚ аясындағы шекаралық және аймақаралық ынтымақтастық: қабылданған шешімдерді жүзеге асыру" тақырыбы бойынша РФ Алтай аймағының Белокуриха қаласында өткен семинарға қатысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 16 Наурыз 2005
  • 438
Фото - Caravan.kz

Бас қосуға Ресей парламенті қос палатасының өкілдері, Алтай Республикасы Эл құрылтайының депутаттары, Беларусь Республикасының халық қалаулылары, ЕурАзЭҚ пен ТМД парламентаралық ассамблеясының өкілдері, кеденшілер, аталмыш елдердің өнеркәсіп және ауылшаруашылығы саласының кәсіпкерлері қатысты.

Талқылау және пікір алмасу қорытындысы бойынша семинарға қатысушылар интеграциялық процестерді одан әрі жетілдіруге қатысты нұсқаулар әзірледі.