Павлодар облысында өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының әрбір екіншісі мас күйінде жасалады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының әрбір екіншісі мас күйінде жасалады

Павлодар облысында өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының әрбір екіншісі мас күйінде жасалады

2004-жылы Павлодар облысында адамдардың өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы 185 мәрте тіркелген. Олардың әрбір екіншісін адамдар мас күйнде жасаған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сот медицинасы орталығының Павлодардағы филиалынан хабарлады.

  • 16 Наурыз 2005
  • 498
Фото - Caravan.kz

Мамандардың байқауынша, көлік апаты, судағы бақытсыздық, өрт, улану, мезгілсіз қайтыс болу сынды өлімге апарып соғатын қайғылы оқиғаларға көбінесе ішімдікті мөлшерден тыс тұтыну себепкер болады. Мәселен, 2004-жылы облыста спиртті ішімдіктерден улану салдарынан 194 адам қайтыс болған. Бұл — мезгілсіз ажал құшу оқиғаларының 18 процентіне тең.

Сондай-ақ былтыр облыста суға батып кеткендердің 60 проценті мас болған. 2003-жылғымен салыстырғанда 2004-жылы мас күйінде көшелерде үсіп өлгендердің саны екі есеге артты. «Аязда арақ ішіп жылыну қажет деген уәж күні бүгінге дейін адамдарды адастыруда. Керісінше, терморегуляция бұзылатындықтан, спиртті ішімдіктер тоңазу құбылысын тіптен тездетіп жібереді»,- дейді мамандар.
2004-жылы өрт кезінде және автокөлік салонында көмірқышқыл газынан уланып өлгендердің 80 проценті мас күйінде болған. Мамандардың айтуынша, көп жағдайда адамдарды өлімге апарып соққан өрттерге сол ішімдік себепкер.
Соңғы жылдары көлік апатынан мерт болғандардың әрбір үшіншісі апат кезінде мас жүрген.

Перейти к новостям спорта