Лицензия беру және консолидациялық бақылау мәселелеріне қатысты заң жобасын қаржы рыногына қатысушылар сәуір айында талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лицензия беру және консолидациялық бақылау мәселелеріне қатысты заң жобасын қаржы рыногына қатысушылар сәуір айында талқылайды

Лицензия беру және консолидациялық бақылау мәселелеріне қатысты заң жобасын қаржы рыногына қатысушылар сәуір айында талқылайды

ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі лицензия беру және консолидациялық бақылау мәселелеріне қатысты заң жобасын жасады. Жобаны Қазақстанның қаржы рыногына қатысушылар сәуір айында талқылайды. Бұл туралы бүгін, 16-наурызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің төрағасы Болат Жәмішев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Наурыз 2005
  • 463
Фото - Caravan.kz

Б.Жәмішевтің айтуынша, бұл жоба Еуроодақ директиваларын ескеру негізінде заңнаманы , сондай-ақ, бақылау жүйесі мен тәуекелдерді бағалау негізінде қаржылық ұйымдарды пруденциалдық реттеуді жетілдіруге бағытталады. Сонымен бірге жобаланған құжат қаржылық ұйымдарға корпоративтік басқару принциптерін енгізуге түрткі болмақ.

Заң жобасында ұсынылып отырған бір басты жаңалық — банк холдингтері мен банк конгломераттарын құруға саяды. Агенттік төрағасының пікірінше, мұндай құрылымдардың пайда болуы банктер мен еншілес ұйымдардың іс-қызметінің ашықтығын қамтамасыз етумен бірге оларды қадағалауды жеңілдете түседі. Қаржылық ұйымдардың конгломерат мәртебесіне ие болуына негіз болатын талаптар мен ережелер дөңгелек үстел басталғанға дейін айқындалады.
Сонымен бірге заң жобасында қаржылық қызмет көрсету рыногындағы үлес салмағын арттыру үшін ломбардтар мен несиелік серіктестіктердің іс-қызметін ырықсыздандыру көзделген.

Перейти к новостям спорта