Бір айда еліміздегі банк салымдары 8,4 процентке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір айда еліміздегі банк салымдары 8,4 процентке өсті

Бір айда еліміздегі банк салымдары 8,4 процентке өсті

2005-жылғы қаңтар айымен салыстырғанда ақпанда еліміздегі банк салымдары 8,4 процентке өсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінен хабарлады.

  • 16 Наурыз 2005
  • 313
Фото - Caravan.kz

Екінші деңгейлі банктерге тартылған салымдардың жалпы көлемі 1,7 трлн. теңгеден асты. Бұл ретте заңды тұлғалардың салымдары 10,5%-ке артып, 1,3 трлн. теңгеге, жеке тұлғалардың салымдары 3%-ке артып, 459,7 млрд. теңгеге жетті.

2005-жылғы 1-наурыздағы жағдаймен банктердің несиелік қоржыны банкаралық несиелерді ескергенде 56,5 млрд. теңгеге (3,1%) артып, 1,8 трлн. теңге болды.
Банктердің несиелік қоржынының құрылымында стандартқа сай келетін кредиттер үлесі 57,9%-ті, күмәнді кредиттер 38,8%-ті, үмітсізі — 3,3%-ті құрады. 2005-жылғы 1-ақпандағы жағдаймен, стандартты кредиттер үлесі 56,2%-ті, күмәнді кредиттер 40,9%-ті, үмітсізі — 2,9% болды.
1-наурыздағы жағдаймен екінші деңгейлі банктердің жиынтық кірісі 60,9 млрд. теңге болды. Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда бұл көрсеткіш 25,8%-ке артты. Шығындар көлемі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 31,7%-ке артып, 55,2 млрд. теңгеге жетті. Таратылмаған таза пайда мөлшері 5,7 млрд. теңге болды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 12,3%-ке кем.

Перейти к новостям спорта