Үкімет басшысы Астананы дамыту бағытында атқарылған жұмыстарды оң бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Астананы дамыту бағытында  атқарылған жұмыстарды оң бағалады

Үкімет басшысы Астананы дамыту бағытында атқарылған жұмыстарды оң бағалады

Бүгін, 16-наурызда Астананың жаңа орталығының құрылысы барысына бақылау жасау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті мәжілісі өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Наурыз 2005
  • 382
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік органдардың басшылары 2004 жылы желтоқсанда Астана қаласын дамыту мәселесі жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берді.

Үкімет басшысы Астананы дамыту бағытында атқарылған жұмысты оң бағалады. Оның айтуынша, алдағы кезең қала үшін инфрақұрылымды дамыту кезеңі болуы тиіс. Комиссия мүшелерінің басты назары қала инфрақұрылымы мен әлеуметтік сала нысандарына, яғни, көлік байланысы, жолдар, парк аймағы, мектептер, балабақшалар, мәдени орындар, спорттық және сауықтыру нысандарына ауды.
Комиссия мәжілісінде сондай-ақ Астанадағы нысандарды қаржыландыру мәселесі қаралды.

Перейти к новостям спорта