Соңғы жылдары Қазақстан мен Беларусь арасындағы сыртқы сауда айналымы төрт есе өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы жылдары Қазақстан мен Беларусь арасындағы сыртқы сауда айналымы төрт есе өсті

Соңғы жылдары Қазақстан мен Беларусь арасындағы сыртқы сауда айналымы төрт есе өсті

2001-жылдан бері Қазақстан мен Беларусь арасындағы сыртқы сауда айналымы төрт есе өсті. Бұл туралы 15-наурызда Киевте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ғазиз Алдамжаров мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Беларусь Республикасындағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен.

  • 16 Наурыз 2005
  • 724
Фото - Caravan.kz

Ғ.Алдамжаровтың ақпаратына сәйкес, 2004-жыл қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 144,8 млн. долларды құрады. Бұл 2003-жылғы көрсеткіштен 78,7% артық. Беларусь елінің Қазақстанға шығарған экспортының көлемі $ 121,3 млн. (өсім 78,2%), импорт — $ 23,5 млн. (өсім 1,8 есе) болды.

Ғ.Алдамжаровтың айтуынша, 2003-жылғымен салыстырғанда 2004-жылы Беларусь тракторларын Қазақстанға экспорттау көлемі 2,6 есе, ауылшаруашылығы техникасын экспорттау көлемі 4,3 есе, машина дөңгелегін экспорттау 2 есе, тоңазытқыштар экспорттау көлемі 1,5 есе, автокөліктер экспорты 1,3 есе, жиҺаз экспорттау көлемі 3 есе өсті.
Сонымен бірге былтыр Қазақстаннан Беларусь Республикасына астық сату мөлшері 12 есе өсіп, 28,3 мың тоннаны, арпа экспорты 35,4%-ке өсіп 13 мың тоннаны, мақта экспорты 14%-ке, транспортер лентасын сату көлемі 4 есе өсті.

Перейти к новостям спорта