Семейде басты жылу желісіндегі апат салдарынан 70 үй жылусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде  басты жылу желісіндегі апат салдарынан 70 үй жылусыз қалды

Семейде басты жылу желісіндегі апат салдарынан 70 үй жылусыз қалды

Семейде бір орталық бу қазандығының орталық жылу желісіндегі апат салдарынан 70 үй жылусыз қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Теплокоммунэнерго" ҚКК-ның диспетчерлік қызметінен хабарлады.

  • 17 Наурыз 2005
  • 309
Фото - Caravan.kz

Диспетчерлік қызметтің ақпаратына сәйкес, 16-наурызда қала орталығындағы 103 қазандықтың орталық жылу желісі жарылған. Осыған байланысты бүгін таңертеңгі сағат 5-те ҚКК басшылығы қазандық жұмысын біржола тоқтата тұруға мәжбүр болды. Соның салдарынан 70 үй жылусыз және ыстық сусыз қалды.

Қазір апат зардаптарын жоюға шұғыл шаралар алынуда.

Перейти к новостям спорта