Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Арыстың жоғарғы тұсындағы қардың еруі мен нөсер салдарынан өзенге келетін су көлемі секундына 100 текше метрден 400 текше метрге дейін артты.
Тасқын салдарынан жер астындағы сулардың деңгейі көтеріліп, Арыс пен Сырдарияның бір-біріне қосылатын аймағында орналасқан Шәуілдір ауылын су басты.