Наурыздың алғашқы жартысында Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері де кеміді. Ағымдағы бағамен алғанда Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 0,5%-ке кеміп, 46,8 млн. доллар болды.
ҚР қаржы министрлігінің сыртқы қарыздарын өтеу есебінен таза валюта қоры 58,7 млн. долларға кеміді. Әлемдік нарықтағы алтын бағасының 1,4%-ке қымбаттауына байланысты алтын түрінде сақталып отырған активтер 11,9 млн. долларға артты.
Тұрақты бағамен алғанда Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 0,6 процентке, еркін конвертацияланатын валютадағы активтер 0,7 процентке төмендеп, алтын түріндешгі активтер 0,04 процентке ұлғайды.
Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің өсуі (республика үкіметінің есепшотындағы қаржы көлемінің азаюы) ақша базасының 2,8%-ке ұлғайып, 15,2 млрд. теңгеге жетуіне себеп болды.