Ол өзін тұтқындамау және ҚР Қылмыстық істер кодексінің алаяқтық жөніндегі 177-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі доғарту үшін осыншама пара ұсынған. Әйел параны беріп жатқан сәтте ұсталды. Сөйтіп оған бұрынғы баптың үстіне ҚР Қылмыстық кодексінің пара беру жөніндегі 312-бабы жамалды.
Қаржы полициясынан хабарлауынша, бұл параға сатып алу дерегіне тосқауыл қоюға қатысты алғашқы оқиға емес. Мәселен, ақпан айында Алматыдағы бір кәсіпорынның менеджері қаржы полициясының офицеріне өзі басқаратын кәсіпорынды тергеу алдындағы тексеру материалдары бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарту үшін 2 мың доллар ұсынған. Менеджердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің пара беру жөніндегі 312-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, қаңтар айында Астана қаласы Алматы аудандық салық комитетінің бас маманы пара алғаны үшін ұсталды. Тұтқындау сәтінде шенеуніктен көзге көрінбейтін бояумен «пара» деген жазу жазылған 30 мың теңге тәркіленді. Бұл ақшаны ол жеке кәсіпкерден куәлік бергені және салық есебін өткермеуге байланысты салынатын айыппұлдан құтқарып қалғаны үшін алған.