Қаржы полициясының ақпаратына сәйкес, 2004-жылдың қараша айында департаментке шағым айта келген бір кәсіпкер кеден қызметкерлері өзінен 2,7 мың доллар пара бопсалағанын хабарлайды. Оның айтуынша, қалалық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері кәсіпкерге қарасты жүктің құнын жасанды түрде асыра бағалап, құжаттарда көрсетілген қаржыдан алты есе артық кедендік баж салығын төлеуді талап еткен. Сонымен бірге кедендік бөлімше бастығы жүкті уақытша сақтау қоймасынан босатып алуға қажетті құжаттарды жылдам әрі кедергісіз алу үшін тағы да 2,7 мың доллар талап еткен.
Алматы қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері екі кеденші офицерді пара алғаннан кейін қолға түсірді.