Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда алқа билер сотының енгізілуінен мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда алқа билер сотының енгізілуінен мүдделі

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда алқа билер сотының енгізілуінен мүдделі

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда алқа билер сотының енгізілуінен мүдделі. Бүгін, бүгін 17-наурызда KZ-today тілшісіне Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы өкілдігі ұйымдастырған "Қазақстанда алқа билер сотын енгізу: теориялық және тәжірибелік мәселелер" тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының құқықтық ұлықтау бөлімінің маманы Василий Ващенко осындай пікір білдірді.

  • 17 Наурыз 2005
  • 868
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан алқа билер сотының ең тиімді үлгісін таңдай алуы үшін» Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы республикамен арадағы диалогты одан әрі өрбітуге дайын, деді В.Ващенко. «Ақырғы нәтижесінде алқа билер сотының жұмысы жалпы құқық қорғау жүйесін дамытуға ынталандырады. Нәтижесінде ІІМ, прокуратура мен жалпы сот жүйесінің жұмысында оңды өзгерістер болуы тиіс»,- дейді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанда алқа билер сотын құрудың англосаксондық және континенталдық деген негізгі екі үлгісі қарастырылуда. Англосаксондық үлгі бойынша , сот алқасы тек бір ғана мәселені, айыпталушы кінәлі немесе кінәсіз дегенді ғана шешеді, ал басқа заңдық мәселелер кәсіби судьялардың билігіне беріледі. Ал континенталдық үлгі бойынша алқа билер айыпталушыға жаза белгілеу барысына да қатыса алады.
Ал Қазақстан президентінің тапсырмасымен ҚР Жоғарғы соты Қазақстанда алқа билер сотын дамыту тұжырымдамасын континенталдық үлгінің негізінде жасап шығарды. Тұжырымдама авторларының пікірінше, алқа билер соты өзара құқығы бірдей 3-5 алқа билер мен судьядан құрылып, біртұтас коллегия түрінде іс бойынша үкім шығаруы тиіс. Сонымен бірге облыстық соттардың алқа мәжілісін 2-3 судья мен 5-7 алқа бидің қатысуымен өткізу тәжірибесін сақтап қалу ұсынылуда.
ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игроь Роговтың пікірінше, бүгінгі дөңгелек үстел жұмысының басты нәтижесі — Қазақстанда алқа билер сотын құрудың жекелеген бір үлгісін дамытуды жақтаушы тараптардың бір-біріне құлақ аса бастауы болмақ. И.Роговтың айтуынша, бүгінде олар алқа билер сотының тек жұмыс принциптерін қарастырумен ғана шектелмей, әрбір үлгі жалпы сот жүйесіне қалай әсер етуі мүмкіндігін бағамдауға да ден қоя бастады.

Перейти к новостям спорта