Салмағы 3,8 кило болатын көк түсті пакет ұшақтың жүк қоятын бөлігінен табылған. Пакетке рентген сәулесін түсірген құтқару қызметінің саперлері онда сымдардың бар екенін анықтады. Пакеттен сағаты бар механизмнің дауысы шығып тұрған.
Ұшақтың бортында 200-дей жолаушы болған. Жолаушылар әуежай ғимаратына шығарылды. Қазір оқиға орнына «Арыстан» арнаулы бөлімшесінің жауынгерлері келіп жетуі тиіс.