Термоядролық синтез орталықтарының құрылысын салу жөніндегі келісімдерге шілде айының аяғына дейін қол қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Термоядролық синтез орталықтарының құрылысын салу жөніндегі келісімдерге шілде айының аяғына дейін қол қойылады

Термоядролық синтез орталықтарының құрылысын салу жөніндегі келісімдерге шілде айының аяғына дейін қол қойылады

Франция мен Жапонияда термоядролық синтез құбылысын зерттеу орталықтары мен "Токомак" реакторының құрылысын салу жөніндегі келісімдерге 2005-жылдың шілде айының аяғына дейін қол қойылады. Бұл туралы бүгін, 14-маусымда Ресейдің "Курчатов институты" ғылыми орталығының президенті, Қазақстанның материалтану бағытындағы термоядролық реакторын жасау жөніндегі жобаның жетекшісі, академик Евгений Велихов Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін журналистерге мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Маусым 2005
  • 3678
Фото - Caravan.kz

«Токомак» термоядролық реакторын жасау жөніндегі жобаға теориялық негіздеме беретін «ИТЭР» жобасына қатысушылар арасындағы келіссөздер нәтижесінде бұрынғыдай біреудің орнына Франция мен Жапонияда екі бірдей реактор салу туралы байлам жасалды, деді Е.Велихов. Өз тарапынан «ИТЭР» жобасына қатысушы Ресей мен Қазақстан Курчатов қаласында материалтану бағытындағы реактор салумен шұғылдануда. «Бұл реактор алдағы екі жылда пайдалануға беріледі», деді жобаның жетекшісі.

Сонымен бірге Е.Велихов Қазақстан мемлекет басшысына Скиф К-1000 деп аталатын суперкомпьютерді бірлесе пайдалану орталығының іргетасын қалауға атсалысуға шақырды. Оны одақтас Ресей және Беларусь мемлекеттерінің «Скиф» бағдарламасы аясында Беларусь Ұлттық ғылым академиясының информатика проблемалары жөніндегі бірлескен институты, Ресей ғылым академиясы бағдарламалық жүйелер институты, Т-Платформалар және AMD компаниялары бірлесе отырып жасап шығарған. Бұл компьютер дүниежүзіндегі ең өнімділігі жоғары компьютерлердің жүздігіне кіреді. Оның мүмкіндіктерін энергетикалық қондырғылардың моделін жасау, дәрі-дәрмектер шығару, әлеуметтік құбылыстарды модельдеу, Жер динамикасына қатысты құбылыстардың моделін жасау, пайдалы қазбаларды іздестіруде пайдалануға болады, деді академик.
Сонымен қатар ғылыми және жоғары білім беруші институттар үшін оптикалық талшықты арнайы коммуникациялық жүйе құру проблемасын шешу қажет, деді Е.Велихов. «Өз басым алға қарыштай жылжыған Қазақстан Ресейге осынау инновациялық саясатты қарқындандыра дамытуға қол ұшын береді деп сенемін»,- деді академик.

Перейти к новостям спорта