Ежелгі Бұқарада қазақтар немен айналысқан? - kaz.caravan.kz
  • $ 469.49
  • 552.59
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ежелгі Бұқарада қазақтар немен айналысқан?

Ежелгі Бұқарада қазақтар немен айналысқан?

Бұл қызығушылық көбіне экономикалық жетістіктермен немесе өмір сүру деңгейін жай ғана салыстырумен шектелмейді.

  • 21 Сәуiр
  • 6
akorda.kz

Мәселенің мән-жайын Caravan.kz медиа порталының тілшісі анықтады.

Жақында Бұқарада өткен бейресми кездесуде Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар архивтік материалдарды табыстады. Атап айтқанда, бұлар Өзбекстаннан табылған 1920–1950 жылдарға тиесілі құнды құжаттардың, сызбалардың және фотоматериалдардың көшірмелері болды. Олар Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи мен Рабия Сұлтан Бегім кесенелеріне қатысты.

Аталған материалдардың көпшілігі осы уақытқа дейін ғылыми айналымға енгізілмегені, әрі олардың мәдени және тарихи құндылығы жоғары екені атап өтілді. Бұл екі ел арасындағы байланыстардың ежелден бүгінге дейін үзілмей келе жатқанын көрсетеді.

Ал 2,5 мың жылдан астам тарихы бар Бұқараның өзі – үлкен тарихи-мәдени мұраның ажырамас бөлігі. Сондықтан Қазақстан Президентінің Өзбекстанға жұмыс сапары дәл осы көне қаладағы XVI ғасырда тұрғызылған Бахауддин Нақшбанди кесенесіне барудан басталуы тегін емес шығар.

Бұл кесенеде сопылық нақшбандия тариқатының негізін қалаушы Бахауддин Нақшбанди жерленген. Сондай-ақ мұнда XIX ғасырдағы қолжазба Құран, түпнұсқа тарихи құжаттар, кітаптар мен өзге де құнды жәдігерлер сақталған музей жұмыс істейді. Яғни бұл сапардың тарихи, мәдени әрі ағартушылық сипаты басым болғанын байқауға болады.

“Бұқара ортағасырлық Шығыстың рухани әрі зияткерлік орталықтарының бірі саналған. Бұл көне қала қазақ халқымен көзге көрінетін де, көрінбейтін де сан алуан байланыстар арқылы сабақтас. Мәжһүр Жүсіп осында білім алған. Ғасырлар бойы қазақ зиялылары мен төре-сұлтандары Бұхара медреселерінде оқып, ілім үйренген. Мұнда уақыт тынысы мен адамзат өркениетіне зор ықпал еткен ұлы мәдениеттің рухы сезіледі”, — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алайда сапар барысында тараптар тек мәдениетке ғана емес, өзекті мәселелерге де назар аударды. Атап айтқанда, таза ауа бастамасына мән берілді. Бұл әсіресе Алматы мен Өскемен сияқты қалалар үшін маңызды.

Сондай-ақ туризм саласын дамыту мәселесі көтерілді. Бұл тұрғыда Өзбекстан шетелдік туристерді тарту және оларды қайта келуге ынталандыру бағытындағы тәжірибесімен бөлісе алар еді.

Сонымен қатар Бұқара облысындағы жаңа ахуалдық орталыққа бару ұйымдастырылды. Мұнда өңірдегі жағдай тәулік бойы нақты уақыт режимінде бақыланады. Оның ішінде инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік жүйесі, қауіпсіздік қызметтері мен табиғи үдерістер қамтылады.

Өзбекстандағы бұл орталық төтенше жағдайлар кезінде жедел қызметтердің жұмысын үйлестіріп, қауіптердің алдын алу үшін түрлі сценарийлерді модельдейді. Оның қызметін АҚШ-тағы 911 жүйесімен салыстыруға болады. Сондықтан Қазақстанға да мұндай тәжірибеден үйренер тұстар бар.

Сөз соңында отандық саясаттанушы Ислам Кураевтың пікірін келтірген жөн. Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға сапары мен Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесуі жай ғана дипломатиялық қадам емес, Орталық Азиядағы өңірлік саясаттың жаңа кезеңінің белгісі.

“Ең маңыздысы – тараптар арасындағы келіспеушіліктің жоқтығына баса назар аударылды. Бұқараның аталуы да ерекше мәнге ие. Бұл жерде Бұқара тек мәдени символ емес, жұмсақ күштің және қазіргі серіктестіктің тарихи заңдылығын айқындайтын фактор. Мәжһүр Жүсіп секілді тұлғаларды атау гуманитарлық байланыстардың тереңдігін көрсетіп, ортақ тарихи баяндауды қалыптастырады. Бұл аймақ елдері өз болмысын бір-біріне қарсы қою арқылы емес, ортақ өркениеттік негізде қалыптастыруға ұмтылып отырған шақта аса маңызды.

Осы тұрғыдан алғанда, Өзбекстанмен жақындасу – уақытша қадам емес, тұрақты әрі дербес Орталық Азия кеңістігін қалыптастыруға бағытталған ұзақмерзімді стратегияның бір бөлігі”, – дейді сарапшы өзінің Telegram арнасында.

Алайда мұның қарапайым қазақстандықтарға дәл қазір қандай пайда беретіні жөнінде саясаттанушы нақты тоқталмаған.