Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Қарашығанақ кенішінің санитарлық-қорғаныс аймағына тәуелсіз сараптама жүргізу қажет деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Қарашығанақ кенішінің санитарлық-қорғаныс аймағына тәуелсіз сараптама жүргізу қажет деп санайды

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Қарашығанақ кенішінің санитарлық-қорғаныс аймағына тәуелсіз сараптама жүргізу қажет деп санайды

АЛМАТЫ. 31-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Қарашығанақ кенішінің санитарлық-қорғаныс аймағының ауқымын түпкілікті анықтау үшін республиканың ғылыми әлеуметін тарта отырып тәуелсіз сараптама жүргізу қажет деп санайды. Бұл туралы "Жасыл құтқарушылар" экологиялық қоғамының сауалына жолданған ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары А.Ақановтың қолы қойылған хатта айтылған.

  • 31 Тамыз 2006
  • 708
Фото - Caravan.kz

«өндіріске озық технолгиялар енгізілу және соған байланысты төтенше жағдайлардың пайда болу тәуекелдерін, ауаны ластайтын заттардың шектеулі шамадан артып кетуіне байланысты жекелеген оқиғалардың тіркелуіне, тұрғындардың арыз-шағымдарына және жергілікті атқарушы биліктің өтінішіне сәйкес Қарашығанақ кенішінің санитарлық-қорғаныс аймағының ауқымын түпкілікті анықтау үшін тәуелсіз сараптама жүргізу қажет деп санаймыз»,- делінген жауапта.

Елді мекендердегі ауаның ахуалын бағалау және санитарлық-қорғаныс аймағының ауқымын негізді анықтау үшін республиканың бас прокуратурасының қарсылығына сәйкес жұмыс тобы құрылған, деді вице-министр. Оған денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің өкілдері мен парламент мәжілісінің депутаты А.Жамалов енді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті