Бұл хаттаманың мақсаты — Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы 1992-жылғы 15-мамырдағы келісімнің пайдаланылу аясын кеңейту болып табылады.
«Хаттамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың күшіне енуі ҚР Қарулы күштерінің әскери-техникалық қамтамасыздығын арттыруға және еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға септігін тигізеді», делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Хаттама ұлттық қарулы күштердің өз мұқтаждығына жеңілдікпен сатып алынған әскери мақсаттағы өнімдерді бақылау нысаны ретінде айқындайды.
Қазіргі жағдаймен хаттаманы Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан бекітті.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті