Республикалық бюджеттен Семейге алдағы қысқа арнап нормативтік отын қорын жасауға қаржы бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық бюджеттен Семейге алдағы қысқа арнап нормативтік отын қорын жасауға  қаржы бөлінді

Республикалық бюджеттен Семейге алдағы қысқа арнап нормативтік отын қорын жасауға қаржы бөлінді

СЕМЕЙ. 12-қазан. Kazakhstan Today. Республикалық бюджеттен Семейге алдағы қысқа арнап нормативтік отын қорын жасауға қаржы бөлінді. Бұл туралы қала әкімі Нұрлан Омаров журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 12 Қазан 2006
  • 318
Фото - Caravan.kz

«Қаржы осы аптаның аяғында аударылады»,- деді әкім. Оның айтуынша, жуырда қалалық әкімшілікке үкіметтің Семейге қажетті қаржы бөлу туралы қаулысына қол қойғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Семейде жылыту маусымы 15-қазанда басталады деп межеленгеніне қарамастан, қаржы жоқтықтан қалаға бүгінгі күнге дейін көмір жеткізілмеген.

Биыл үкімет жөндеу жұмыстарына 1,5 млрд. теңге бөлді. Бағдарлама бойынша бірнеше нысан жаңаланып, үш қазандықтың алты қазандық агрегаты ауыстырылып, жылу желісінің үш учаскесі жөнделді.

Ал Семейдің «Жылукоммуналдықэнергиясы» РМК жаңа жылыту маусымын дұрыс бастау үшін тағы да 730 млн. теңге қажет деп мәлімдеуде. 400 млн. теңгесі жабдық сатып алу мен жылу көздерін қалпына келтіруге, ал 330 млн. теңгесі отын қорын сатып алуға жұмсалады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Виктор Храпунов үкіметке республикалық бюджеттен қалаға қаржы бөлу жөнінде өтініш жасаған. Алайда, жуырға дейін бұл мәселе шешілмей келген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта