Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жаңа құжатта Қазақстан Республикасының 2004-2010-жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының нысаны болып табылатын ауылдық елді мекендердің мәртебесі заңдастырылады. Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлініс бірліктері ретінде «ауылдық елдімекен», «ауыл» және «кент» категориялары нақтыланады.
Заңды қабылдауға байланысты жергілікті бюджеттерден қосымша қаржы бөлу талап етіледі. Ол ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына қала жағдайында осындай мамандықтар бойынша істейтін мамандардың жалақысымен салыстырғанда жоғары (25 проценттен кем емес) жалақы мен тарифтік ставкалар белгілеуге байланысты.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті