Кездесу барысында Ц. Эньчжу ағымдағы жылдың соңына қарай жоспарланған Қазақстан президентінің Қытай Халық Республикасына сапарына өте жоғары мән беретінін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, бұл шара Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың барлық салада жандана түсуіне септігін тигізеді.
Жүздесу барысында сенат төрағасы қытайлық әріптестерінің сапарын мемлекеттер арасындағы парламентаралық байланыстардың нығаюына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықтың дамуына қосар үлесі мол екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті