Кеше осыған орай ұйымдастырылған баспасөз мәжілісінде айтылған ақпарат бойынша 49 жастағы көлік жүргізушісі бар ГАЗ-53 автокөлігі тоқтатылады. Полицейлер жалпы салмағы 806 кг 33 мыс тақтайшаларын табады. Полицияның болжауынша, мыс Жезқазған мыс қорыту зауытынан ұрланған.
Полицейлердің айтуынша, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС келген шығын көлемі 573 мың теңге.
Осы іске байланысты ҚР ҚК 175 бабы /ұрлық/ бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұтқындалған Жезқазғанның азаматы тергеу изоляторында отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті