Бішкектегі митингке қатысушылардың саны 10 -12 мыңға дейін өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкектегі митингке қатысушылардың саны 10 -12 мыңға дейін өсті

Бішкектегі митингке қатысушылардың саны 10 -12 мыңға дейін өсті

БІШКЕК. 11-сәуір. Kazakhstan Today. Бішкектегі митингке қатысушылардың саны 10 -12 мың адамға дейін өсті, бірақ адамдар әлі де келіп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі оқиға орнынан.

  • 11 Сәуiр 2007
  • 430
Фото - Caravan.kz

Шараға қатысушылар қолдарына «Бакиев — өтірікші және ұры», «Біріккен фронт құқықтық конституциялық реформалар жүргізу үшін», «Халық бірге» деген плакаттар ұстаған.

Іс-шараны ұйымдастырушылар — » Қырғызстанның лайықты болашағы үшін» біріккен фронты мен «Реформалар үшін!» қозғалысы. Адамдар қолдарына Қырғызстанның туы мен біріккен фронттың туын ұстаған. Шараға біріккен фронттың көшбасшысы — экс-примьер Феликс Құлов, Қырғызстан парламентіндегі оппозициялық көзқарастағы депутаттар Темір Сариев пен Омурбек Текебаев келді.

Қазір Бішкектің орталық алаңында бірнеше ондаған киіз үйлер мен әскери шатырлар тігілген. Онда митингке қатысу үшін аймақтардан келгендер түнейді. Осында арнайы жеткізілген биодәретханалар орнатылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті