2007 жылғы наурызда теңге 0,3%, жыл басынан бері - 2,5% нығайды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылғы наурызда теңге 0,3%, жыл басынан бері  - 2,5% нығайды

2007 жылғы наурызда теңге 0,3%, жыл басынан бері - 2,5% нығайды

АЛМАТЫ. 11-сәуір. Kazakhstan Today. 2007 жылғы наурызда теңге 0,3%, жыл басынан бері - 2,5% нығайды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 11 Сәуiр 2007
  • 403
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2007 жылғы наурызда теңгенің АҚШ долларына қатысы бойынша бағамының өсу үрдісі байқалды.

Бір айдың ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 доллар үшін 123,17 теңге — 125,33 теңге ауқымында өзгерді. Осы кезең ішінде теңге 0,3% (жыл басынан бері — 2,5%) нығайды және наурыздың соңында теңгенің биржалық бағамы бір долларға 123,84 теңгені құрады.

Наурызда Қазақстан Қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосалқы сауда-саттықтағы мәмілелерді есепке алғанда ақпандағымен салыстырғанда 9,7% ұлғайды және 4,5 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бері -14,9 млрд. долл.). Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 29,8% ұлғайды және 11,5 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бері — 30,9 млрд. долл.).


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті