Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қала бойынша жедел — профилактикалық іс-шарасын өткізген екі күн ішінде екі шолақ мылтық пен 25 оқ тәркіленген. Ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының лицензиялық-рұқсат беру қызметінің бастығы, полиция майоры Ерлан Мейманқұлов заңды тұлғалар мен азаматтар өз еркімен 75 қару және 104 оқ өткізгендігін атап өтті.
Баспасөз қызметінен белгілі болғандай, «Қару» іс-шарасының мақсаты мен міндеттері жедел ахуалды сауықтыру, қару, жарылғыш заттар қолданумен жасалған қылмыстардың алдын-алу және ашу, заңсыз сақталынған (ішкі істер органдарында тіркелмеген) қарулар мен оқ-дәрілерді анықтау және тәркілеу болып табылады.
Сонымен қатар, баспасөз қызметіндегілер, қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру кез-келген жауапқа тартудың барлық негіздері жойылатындығын атап өтті. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 251-бабына сәйкес қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды өз еркімен тапсырған тұлға, егер басқа да қылмыстық әрекеттерге бармаған болса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады»,- деп қосты полицейлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті