Медициналық жедел жәрдем станциясынан хабарлағандай, «Шығыс» ықшамауданында боран ағашты құлатқан, ағаш жанындағы электр желісінің темірбетонды тіреуіне құлаған. Тіреу қасынан өтіп бара жатқан адамды басып қалған. Оқиға болған жерге келіп жеткен «жедел жәрдем» дәрігерлері 27 жастағы зардап шегушінің көптеген жарақаттар алғандығын белгіледі. Зардап шегуші медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді, дәрігерлер оның ахуалын ауыр деп бағалап отыр.
Сонымен қатар, қатты жел үш қалалық ықшамаудандарға электр тасымалдайтын желілердің үзілуіне себеп болған. Қазіргі уақытта энергетиктер 20 астам үзіктерді тіркеген. Желдің екпіні бәсеңдемегендіктен «Шығысэнерготрейд» ЖШС кезекші бөліміне бүліну туралы шағымдар әлі де түсуде. Қазіргі уақытта үш фидер ажыратылған, жөндеу жұмыстарына 7 бригада жұмылдырылған. Энергетиктер тәулік ішінде үзілген желілерді жөндеуге үміттеніп отыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті