«Заң жобасы үкіметке жолданды»,- деді З. Балиева премьер-министрдің сұрақтарына жауап бере отырып.
Ол заң жобасын әзірлеуге қызығушылық танытқан барлық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, Жоғарғы соттың қатысқандығын, құжаттың сондай-ақ ведомствоаралық комиссияның отырысында қарастырылғандығын атап өтті.
Премьер-министр Кәрім Мәсімов осы ретте, мемлекет басшысының аталмыш заң жобасын үстіміздегі жылдың 10-мамырына дейін әзірлеп және парламентке енгізуді тапсырғандығы туралы атап көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті