Екі кадастрды әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетіне біріктіру қарастырылуда, деп хабарлады З. Балиева.
«Жер және құқықтық кадастрларды біріктіру туралы мәселе бұрыннан бері көтеріліп келе жатыр және бұл бүгінгі күнде айтарлықтай өзекті мәселе»,- деп атап өтті министр. «Бүгінгі күнде біздің мемлекетімізде құқықтық (біртұтас) кадастр жоқ. Бұл кадастрлар тек әділет органдарының облыстық бөлімшелерінде ғана бар, бірақ, өкінішке орай біріккен құқықтық кадастр жоқ», — деді министр.
З. Балиева сондай-ақ, қазір оның басқарып отырған мекемесі Жер ресурстары жөніндегі агенттікпен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатқандығын хабарлады. «Біз тіркеу жұмыстарын міндетті түрде тек жер телімі тіркелгеннен кейін ғана жүргізетін боламыз, және де тіркеу барысында біз кадастрлық нөмірді міндетті түрде қосамыз»,- деп қосты ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті