Бір айдың ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 доллар үшін 120,02 теңге — 123,84 теңге ауқымында өзгерді.
Сәуірде Қазақстан Қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосалқы сауда-саттықтағы мәмілелерді есепке алғанда наурыздағымен салыстырғанда 17,3 пайызға ұлғайды және 5,3 млрд. АҚШ долларын құрады (жыл басынан бері — 20,2 млрд. долл.). Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 29 пайызға ұлғайды және 14,8 млрд. АҚШ долларын құрады (жыл басынан бері — 45,7 млрд. долл.).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті