Қазақстанда тамызда жеке басты куәландыратын құжаттарды электрондық тасымалдаушыға ауыстыру басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тамызда жеке басты  куәландыратын құжаттарды электрондық тасымалдаушыға ауыстыру  басталады

Қазақстанда тамызда жеке басты куәландыратын құжаттарды электрондық тасымалдаушыға ауыстыру басталады

АСТАНА. 8 - мамыр. Kazakhstan Today. Әділет министрлігі 2007 жылдың тамызынан бастап жеке басты куәландыратын құжаттарды электрондық тасымалдаушыға ауыстырып қайта рәсімдеуге кіріседі. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің төрағасы Самат Әбіш мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 9 Мамыр 2007
  • 501
Фото - Caravan.kz

«Тамыздың 1-нен бастап бұрындары алынған құжаттарды жаңа құжатқа ауыстыру, сонымен қатар жаңа құжаттар беруге қатысты жұмыстар ұйымдастырылады»,- деді С. Әбіш.

Ол, «бүгінгі күнде мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесе отырып «Ұлттық идентификациялық нөмірлерінің реестрлері туралы» заңды жүзеге асыру үшін ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі медиа-жоспар әзірленгендігін, хабарлады. Аалмыш жобаға сәйкес, С. Әбіштің айтуынша, мамыр мен қыркүйек айлары аралығында заңның ережесін түсіндіруге қатысты кең ауқымды жұмыс жүргізіледі.

Бұрын хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылдың қаңтарында «Ұлттық идентификациялық номерлерінің реестрлері туралы» заң қабылданған болатын. Аталмыш заңға сәйкес, республикада жеке тұлға үшін жеке куәлік, салық төлеушіні тіркеу және әлеуметтік жеке код нөмірлерін, ал заңды тұлға үшін — мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен стат-карта нөмірін біріктіретін идентификациялық нөмірлерінің жүйесі енгізіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті