Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға 11 сағат 30 минутта Қадамжай ауылындағы металлургтар стадионында болған. Шекара әскерлерінің Жеңістің 62 жылдығына арналған көрсетілімі кезінде бір әскердің ракетницадан атқан реактивті сәулелендіргіш патроны кездейсоқ көрермендерге тиді.
Соның салдарынан кеудесінен жараланған бір жасар бала оқиға орнында жан тапсырды. Оның 1985-жылғы анасы жарақаттармен аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды.
Осы оқиғаға қатысты іс Қырғызстанның Баткен облыстық әскери прокуратурасына табысталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті