Департаменттің түсініктемесіне сәйкес, «Жәрдем» муниципалдық рыногы облыстың ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерінің делдалдардың көмегінсіз өз өнімдерін қаладағы басқа базарлардағыдан біршама төмен бағаға сата алуына жағдай жасау үшін құрылған. Нәтижесінде бұл инфляцияның төмендеуіне ықпал етпек.
Базарда ауыл тұрғындарына арзандатылған 80 сауда орны берілген. Қазіргі жағдаймен онда Глубоковский, Зайсан, Зырянов, Катон-Қарағай , Көкпекті, Күршім, Ұлан, Тарбағатай және Шемонаиха аудандары мен Өскемен, Зыряновск және Риддердің өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін сатуда.
Саудаға салынған өнімдердің арасында ет түрлері мен оны өңдеу өнімдері, деликатестер, ет, балық және жеміс-көкөніс өнімдері бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті