Қазақстан мен Ресейдің транспорттық мекемелерінің жетекшілері екі жақты қарым-қатынастарды дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресейдің транспорттық мекемелерінің жетекшілері екі жақты қарым-қатынастарды дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады

Қазақстан мен Ресейдің транспорттық мекемелерінің жетекшілері екі жақты қарым-қатынастарды дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады

АСТАНА. 10-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Ресейдің транспорттық мекемелерінің жетекшілері екі жақты қарым-қатынастарды дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Бұл туралы ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 10 Мамыр 2007
  • 699
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин бастаған делегация құрамында келген Ресей Федерациясы көлік министрі Игорь Левитинмен кездесті.

Көлік ведомстволардың басшылары темір жол, автокөлік, су көлігі және жол құрылысы салаларындағы екіжақты байланысты дамыту мәселелерін талқылады.

Одан бұрын, 8 мамырда, кездесуге арналған құжаттарды дайындайтын қазақстан-ресей жұмыс тобының отырысы өтті.

Темір жол саласына қатысты ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысын заң жағынан реттеу, сонымен бірге Қазақстан мен Ресей елдерінің аумағындағы халықаралық байланысты дамытуға бағытталған тарифтік саясат мәселелері қарастырылды. Бұл саладағы перспективалы жұмыс бағыты ретінде мақта, жербалшығы, алюминий мен астық тасымалдаудағы оңтайлы тарифтік жағдай жасау болып табылады.

Жол құрылысы және автокөлік саласында Қиғаш өзені арқылы салынатын көпір жобасы талқыланды. Аталып отырған жоба Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 1999-2007 жылдарына арналған шекаралық қарым-қатынас бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Оның жүзеге асыру Қазақстан мен Ресей өзара теңдестік негізде жүргізіп отыр. Казақстан жағына өтетін көпір-өткелдің ұзындығы 370 метрді құрайды. Шекаралық Қиғаш өзенінен өтетін Атырау — Астрахань тас жолындапғы көпір құрылысы биылғы жылдың күзінде аяқталады. Сонымен қатар, көпір пайдалануға берілген соң, автокөлік иелері Қиғаш арқылы өту үшін уақытын ұтқызбайтын болады. Осыған сәйкес, екі елді байланыстырып отырған жолдың өткізу қабілеті бірнеше есе өсіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Атырау — Астрахань жолы «Шығыс — Батыс» халықаралық көлік дәлізінің құрамына енеді.

Сонымен бірге, жұмыс тобы Ресейдің федералдық жолдары арқылы ірі және ауыр жүк тиелетін көлік құралдарын өткізуге Қазақстанның автотасымалдаушыларына арнайы рұқсат беру жөнінде ақылдасты.

Су көлігі саласында жұмыс тобы Каспий және Азов-Қара теңіз бассейңдерінен өтетін жүк тасымалдау үшін жаңа бағыт жасау мәселелерін қарастырды. «Евразия» каналы және Волга-Дон су жолы шлюздарының екінші жолдарын жасау жобалары қарастырылды. Бір үлгіні таңдау үшін техникалық-экономикалық сипаттамаларды сұрыптау өткізіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті