Израильде Қазақстанның 101 азаматы сайлауға қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Израильде  Қазақстанның 101  азаматы сайлауға қатысты

Израильде Қазақстанның 101 азаматы сайлауға қатысты

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18-тамыз. Kazakhstan Today. Израильде дауыс беру құқығы бар 101 Қазақстан азаматы сайлауға қатысты. Бұл туралы агенттік тілшісіне Израиль еліндегі ҚР елшілігінен хабарлады.

  • 19 Тамыз 2007
  • 422
Фото - Caravan.kz

18 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 07.00-де Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі елшілігінде парламент мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 131 сайлау учаскесі ашылды.

«Жергілікті уақытпен 18.00 сағаттағы жағдаймен тізімге енгізілген сайлаушылар толық дауыс берді. Әсіресе Израиль ауруханалары мен жоғары оқу орындарында кәсіби шыңдаудан өтіп жатқан дәрігерлер мен мейірбикелер белсенділік танытты», деп хабарлайды елшілік.

Дауыс беруге, сондай-ақ, Израиль еліне емделуге немесе демалуға келген Қазақстан азаматтары мен елшілік қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері де қатысты.

«Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, елшілікте мерекелік дастархан жайылды»,- деп хабарлайды ақпарат көзі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті